Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күні

2012 жылдың бірінші желтоқсанынан бері Қазақстан Республикасының тұңғыш президент күні тойланып келеді . Қазақстан Республикасының өз тәуелсіздігін алғаннан кейінгі  тойланатын тарихи оқиға деп білемін. Тұңғыш президент күні оқушылар көп мағлұматтар алады. Себебі еліміздің даму тарихын, мәдениетін, әлуметтік-экономикалық жағдайын, дүниежүзі елдеріне Қазақ елі бар екенін таныта білген, жастардың болашаққа  деген  сенімін ұялатқан елбасы екенін білу қажет. Қазақ халқын әлемге таытқан, алаш баласының абыройын асқақтатқан-елбасы. Өз елінің тарихын толық білетін, ұлтжанды, қазақ елінің жағдайын терең түсінетін, болашақты көрегенділікпен  саралайтын, заман талабын жіті қадағалап, әлемнің сан алуан озық тәжирбесін пайдаланып, ата-бабамыздан қалған асыл мұрасы мен ұштастыра білетін –елбасы.Елімізде 130-дан астам ұлт өкілднрі жұдырықтай жұмылып, береке-бірлікте, тату-тәтті, отанымыздың дамуына үлес қосуда. Бұлда елбасының салиқалы саясаты мен кемеңгер ақылының жемісі деп білемін. Әрқашан елбасымызды ұлықтап ел сеніміне ие бола білейік.