Қазақстан Республикасының тұңғыш Президент күні

Қазақ халқының тарихында қазақ халқы өз елдігін мәңгі сақтап қалуына, еліміздің дамуына , халық болып қалыптасуына , ел үшін туып халқы үшін еңбек еткен кемеңгеріміз аз емес.Қасым ханның «Қасқа жолы» , Есім ханның «Ескі жолы» , Тәуке ханның « Жеті жарғысы» сияқты ұстанымдварды жалғастыра отырып,  заман талабына сай ұштастыра білген елбасымыздың «Стратегия-2030», «стратегия 2050»,  «Нұрлы жол» т.б. жолдаулары халықтың өсіп өркендеуіне зор ықпал етті. Елбасының жолдауы –қалың бұқараны  сара жолға салатын жол. Тәуелсіз мемлекетіміздің  тұңғыш президентің  тағдыры туған  халқының тағдырымен егіз екенін іс жүзінде дәлелдеді. Сонымен қатар ұлттық рухани құндылығымызды, ұлттық санамызды биікке көтерді. Елбасының осындай ерен еңбегінің  арқасында еліміздің  еңсесі биік, дамыған елдердің қатарында болатынымызға сенімім мол. Қазақстан Республикасының дамуына үлес қосқан тұңғыш президентіміздің еңбегіне алғысым шексіз! Менің президентіме  зор денсаулық , қажымас қайрат талмас талап, ұрпақтан –ұрпаққа  атыңыз мәңгі болып , егеменді еліміздің тұңғыш президенті болып қала  беріңіз!

Березовка ЖОББМ-нің 10 а сынып оқушысы Альшынбеков Азат.