Тәүелсіздік тірегім

7-желтоқсан күні Березовка жалпы орта білім беру мектебінің бастауыш сыныптары аралығында «Тәуелсіздік тірегім» атты ашық сыныптан тыс іс-шара өтті.Мұнда өз алдыма қойған мақсатымоқушыларды Отан сүюге, қазақ елінің рәміздерін қастерлеуге, Желтоқсан оқиғасы кезінде қайсарлықпен ерлік көрсеткен аға, әпкелеріміздің ерліктерін құрметтеуге және туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

 Оқушылар бұл іс-шараға өте белсене қатысты.Олар желтоқсанға байланысты тақпақ айтып, ән шырқады. Әсіресе 2 «а» сынып оқушысы Дамыс Мирас Қайрат Рысқұлбековтың тергеуші алдындағы өлеңін мәнерлеп оқуы барлық көрермендер көзіне жас алдырды.Сонымен қатар «Желтоқсан желі» бейнебаянын тамашалап, мұғалімнің оқыған Мұхтар Шахановтың «Желтоқсан алаңы» өлеңін тыңдады. Сыныптан тыс іс-шара оқушылар мен қонақтар көңіліне үлкен қуаныш, шаттық сыйлады және оқушылар 16- желтоқсан оқиғасы туралы аз болсада мағлұмат алды.