«Менің елім – Қазақстан!»

Біз Қазақстанда тұрамыз,

Біз өз Отанымыздың балаларымыз!

Мен мақтан етем,

 Менің Отаным-Қазақстан!

Мектепке дейіңгі тобының тәрбиешісі  Б.Қ.Бекжанова және шағын орталық тәрбиішісі  А.Т.Балтабаева  Қазақстан Тәуелсіздігіне арналған  «Менің елім – Қазақстан!» атты тақырыптық сабағын өткізді. ҚР әңұраны орындалды. Балалармен  Отан туралы әңгімелесіп тәрбиешілер  балаларға Қазақстанның қалаларына саяхатқа баруды ұсынды. Әр аялдама көгілдір жалаумен белгленді. « Павлодар қаласы» аялдамасында балалар Отан туралы  мақал- мәтелдер айтты; «Екібастұз қаласы» аялдамасында  балалар Отан туралы тақпақтар айтты, «Отан» әні орындалды;  «Ақсу қаласы» аялдамасында балалар қайда тұратындарын айтып ұлт өкілдерін атады және «Достық» әні орындалды; «Астана қаласы» аялдамасында Қазақстанның  бас қаласы – Астана деп ҚР рәміздерін атап суреттен көрсетті, Астанаға арнап ән айтты. Оқу іс-әрекеті  қимылды ойындармен аяқталды.

Тәрбиеші: А. Балтабаева