«Махаббат пен шығармашылық»

«Махаббат пен шығармашылық» онкүндігі бойынша ақпарат

Онкүндік барысында ақпанның 2 күні  5-6 сынып оқушыларына арналған «Дос және Достық» тақырыбына тәрбие сағаты өтті
Мақсаты:
1.Оқушыларға достың адам өміріндегі маңызы, достықтың шынайы белгісі туралы түсіндіру;
2.Оқушыларды әдеби тілмен сөйлеуге дағдыландыру,олардың өзін қоршаған ортасын дұрыс түсінулеріне, өмірге деген көзқарастарының қалыптасуына, өз ойын, пікірін баяндай, жеткізе білулеріне көмектесу;
3.Оқушыларды досытққа адал болуға,имандылыққа,сыйластыққа тәрбиелеу;

Аталмыш шара «Менің қасымда отырған қандай адам» атты шаттық шеңберінен басталып, «Менің саған тілейтінім» атты жүректен жүрекке әдісімен аяқталды.

Шара барысында интербелсенді тақтадан оқушылар «Алма мен бала» аңызын көріп өз ой-пікірлерін айтып талқылады. Сонымен қатар тақырыпқа сай жағдаяттарды  өздері түсіндіріп шешімдерін айтты.

Тәжірибелік кезеңінде балалар досты достықты бір нәрсеге теңеп, теңеген заттың суретін салып, өздері қорғады. (Достықты суреттеп көрсетті)