Наурыз

Березовская СОШ 2015-2016 оқу жылы

22 наурыз мерекесі  бойынша ақпарат

Информация по проведению праздника Наурыз

Мұсылман халқының дәстүрлі мерекелерін құрметтеу, қазақ тілін, салт-дәстүрлерін насихаттау мақсатымен  17 наурыз күні «Әз Наурыз» мерекесі өткізілді.  Концерт Қазақстан тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналып ұйымдастырылды. 

Концерт барысында оқушылар «Наурыз келді», «Наурыз всех приглашает» әндері орындалды, «Қара жорға», «Халықтар биі», «Қамажай» билерін  билеп көрермендердің көңілінен шықты.  Сонымен қатар  қазақ халқының салт-дәстүріне байланысты сұрақтар қойылып, жұмбақтар жасырылды.

Салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатымен 18 наурыз күні дене шынықтыру мұғалімдері спорттық жарыстар ұйымдастырды.  Балалар келесі спорттық түрлерінде жарысқа түсті: «Қол күрес», «Гирь көтеру», «Аударыспақ», «Волейбол».

Жарыс соңында қатысқандар жүлделі орындарға ие болып, сыйлықтар алып грамоталармен марапатталды.

Сонымен қатар мектеп оқушылары спорттық жарыстарына және  өз ән, билерімен ауылдық клубында ұймдастырылған наурыз мерекесіне қатысып сыйлықтар алды.