1 наурыз-алғыс айту күні бойынша ақпарат

 

5-6 сыныптарда «1 Наурыз- алғыс йту күні» тақырыбына  сабақтан тыс тәрбие сағаты өтті.

Мақсаты:  Оқушыларды татулыққа, бірлікке үйрету және алғыс айта білуге баулу.

Шара барысында балалар мұғалімдеріне алғыстарын білдіріп, жылы тілектерін айтты. Қазақстан еліне, президентке алғыстарын тақпақ айтып білдірді.

Шара соңында  «Туған еліме мың алғыс», «Ұстазыма рақмет», «Ата-анама алғыс айтамын» тақырыптарынан таңдап эссе жазды. Эссе бойынша оқушылар арасында 1,2,3 орындар берілді.