8 наурыз-Халықаралық әйелдер күнін өткізу туралы ақпарат

Наурыздың 5-і күні Березовка мектебінде 8 наурыз мерекесіне арналып бастауыш сыныптарда «Анашым» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілік барысында оқушылар өздері  аналары мен әжелеріне дайындаған тақпақтары мен әндерін орындап, өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын сыйлады. Шағын концерттен кейін мереке  ата-аналары  жасаған дастархан басында жалғасты.

Сонымен қатар 5-11 сыныптарға арналған «Аналарды аялайық» шағын концерт пен  «Кәнекей қыздар-ай» атты кеш ұйымдастырылды. Оқушылардың қойған концертінен кейін 8-9 сынып қыздар арасында конкурстар өтті. Конкурсқа 4 қыз қатысты. Қыздкр келесі сынақтан сүрінбей өтті:

1.Таныстыру

2.Сәнді көйлек үлгісімен шаш үлгісін көрсету.

3. Би өнері

4. Сұрақ-жауап

Әділқазы алқасы қыздарды сынап келесі орындар берді: 1орын-8 сынып оқушысы Байтемирова М. 2орын- 9 сынып оқушысы Мукенова А. 3орын 11 сынып оқушысы Кукса Н және 9 сынып оқушысы Щербина Ю. Ие болды. Қыздар кішкентай сыйлықтармен марапатталды.

Аналарды құрметтеу, ақ сүтін ақтау, сыйлай білу мақсатымен

наурыздың 7-і күні барлық сыныптарда «Анашыма мың алғыс» тақырыбында сынып сағаттары өтті.