Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша ақпарат

Наурыз  айында келесі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді:

1 .  Балалардың денсаулықтарын нығайту және зиянды әдеттерден алшақ болу мақсатымен сабақтан тыс және көктемгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытының қамтылуы бойынша спорттық секциялар: волейбол, баскетбол, футбол ұйымдастырылды, сонымен қатар  үйірмелер  (ән және би, жолдың жас инспекторы, жас тілші, қол өнері) мен факультативті сабақтар және ҰБТ-ге дайындық жүргізілді.

2. Кешкі уақытта ауыл көшесінде және мектеп ішінде, асханада, спортзалда, сыныптарда мұғалімдер тарапынан кезекшілік жүргізіледі. Сонымен қатар құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесі өтті:  тәрбие жөніндегі директордың орынбасары ақпан айында өткен шаралар бойынша  есеп берді.

 Тәуекел тобында 4 оқушы олар: аз қамтылған отбасынан 3 оқушы және үлгерімі төмен себебімен 1 оқушы.

3. Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатымен 5-11 сыныптарды  «Чтобы не случилось беды», бастауыш сыныптарда «Мен тәртіпті оқушымын» атты сынып сағаттары өтті.

Зиянды әдеттердің алдын алу мақсатымен сынып жетекшілері «Салауатты өмір салты» тақырыбыа сынып сағатын өткізді және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша наурыз мерекесіне арналған спорттық жарыстар өтті.

4. Тәртіп пен ұқыптылықты сақтауды үйрету мақсатымен мектеп аға тәлімгері мектеп белсенділермен әр сынып оқушыларының тазалықтарын, оқу құралдарын, оқулықтар мен дәптерлерін тексеріп ескертулер жасады.