1

Кіру

Ер есімі - ел есінде

      Ұлы Отан соғысы басталғанда еліміздің көптеген азаматтары туған жерін, халқын жаудан қорғау үшін қанды майданға аттанған болатын. Осы жолда біздің жауынгерлер  тер төгіп, өз жандарын құрбан етті. Жас ұрпақтар  аталарының ерлігі туралы кітаптардан, кинолардан, теледидардан біледі.

      Біздің жерлестеріміз де Ұлы Отан соғысына қатысып, жауды жеңуге өз үлестерін қосқан.  Олардың ішінде  Сарсенов Д.,   Нұғманов М., Сұлтанов М., Бегембаев Ж. және тағы да басқалар.

    Бегембаев Жантүгел  1913 жылы Жайлау – Ағаш ауылында дүниеге келген. Алғашқылардың бірі болып, 1941 жылдың 22 шілдесінде майданға атталған. Қиыр Шығыстағы Биробиджан қаласына жетеді. Осында оқу – жаттығу курсын атқыштар полкінде аяқтап, 1942 жылы Сталинград шайқасына қатысады. Бұдан кейін әйгілі Днепр өзенін кесіп өту шайқасында болған. 1944 жылы Варшаваға жеткен кезде коммунист болып соғысқа енген. Жантүгел ата соғысты Польшаның  Люблин қаласында  ауыр жарақат алып аяқтаған.

     Батыр аталарымыздың есімдері, ерліктері жас ұрпақ санасында мәңгілік сақталанады.

    Біз – бақытты ұрпақпыз. Осы бақытымызды, шаттық күндерімізді бағалай, құрметтей білейік.

Березовка ЖОББМ нің

баспасөз орталығы.