1 Мамыр – бірлік күнін өткізу туралы ақпарат

 

Оқушыларды татулыққа, достыққа тәрбиелеу, Қазақстан елін құрметтеу, өз жерін қорғай білу, өз ұлтын, басқа да ұлттарды сыйлай білуге үйрету мақсатымен  бірлік  күніне арналған салтанатты жиын және мерекелік концерт  ұйымдастырылды.

 Салтанатты жиында «Жас Ұлан»  және «Жас қыран»  балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау рәсімі өтті.

Жиын Мемлекеттік туын енгізіп және Мемлекеттік гимнін орындалуымен басталды.

Ұйымға қабылданатын оқушылар ант беріп, өз елінің патриоттары болатындарына сөз берді. Көп жыл бойы еңбектері сінген мұғалімдер: Бекжанова Б.К. Мукенова Б.Ж. Бегембаева Р.К. оқушыларға төс белгілерді тағып, галстуктарды байлау рәсімін жүргізді.

Салтанатты жиыннан кейін 1 Мамырға арналған шара мерекелік  концертпен жалғасты.

Концерт барысында балалар өздері дайындаған әр-түрлі  ұллттардың әндерін шырқап билерін биледі. Концертті  аудандық «Өз жұлдызыңды жақ» конкурсының 2 орын алған жеңімпаздары 8-9 сынып қыздары «Той бастар» биімен ашты, ал  барлық қатысушылар соңында  «Алтын бесік» әнін орындап концертті аяқтады.

Шара барысында ауылдық әкімі Жаркина О.В. сөз сөйлеп, ата-аналарды, мұғалімдерді, оқушыларды мерекемен құттықтады.