1

Кіру

15 ноября - День Национальной валюта – теңге

 

ҚР  Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған «ҚР Ұлттық валюта – теңге күні!»   15 қарашада біздің мектепте  мерекелік шара  өтті.Ұйымдастырушылары ТЖДО және аға тәлімгер  «Теңге» атты викторинасын  сайыс  түрінде өткізді. Сайысқа үш команда қатысты: «Халық банк» капитаны- Рамазанов Эмир, «Хоум кредит банк» капитаны – Алшинбеков Азат, «Цесна банк» капитаны – Балтабаев Темірхан. Оқушылар үй тапсырмаларын көрсетті: банк логотипі,жарнама, ән және көрініс. Бірнеше тапсырмалар берілді: «Болашақ валюта» суретін салу, сипаттау; ақшаның пайдасы мен зияның айту; «100 теңген болғанша,100 досын болсын» деген мақалды дәлелдеу. Сонымен қатар «Теңге алу» ұлттық ойыны, «Сөздерді айт» сергіту ойыны өткізілді Қатысушылар өз тапқырлықтарын, білімдерін корсетіп, өз пікірлерін айта алды. Осындай шаралар оқушылардың ойлау,есте сақтау,сөйлеу,пікір айту қабілеттерін арттырады және де өз Елі туралы білімдерін толықтырады. Әділқазылар алқасы командаларды «Тапқырлы», «Креативті», «Ерекшелі» деген номинацияларымен марапаттады. Барлық қатысушылар және қоңақтар өткізілген сайыстан жақсы әсер алғаның ризашылықтарымен , өз тілектерімен  білдірді.