Магжановские чтения

Мағжан оқулары өтті

     Қазақ халқының ұлы жазушысы Мұхтар Омарханұлы Әуезов «Мағжан мәдениеті зор ақын,сондықтан бүгінгі күннің бар жазушысының ішінен келешекке бой ұрып,артқы күнге анық қалуға жарайтын сөз Мағжанның сөзі»-дейтін.

   Березовка орта жалпы білім беру мектебінде 21-қыркүйек күні Мағжан оқулары өтті. Оқуға 5-11 сыныптардың оқушылары белсене қатысты.Оқу екі бағыт бойынша өткізілді.Осы шараны аудандық,облыстық, республикалық Абай оқуларының жеңімпазы Жаябаева Даяна жүргізді.Жас өнерпаздарымыз жиналған қауымды өнерлерімен тамсандырды. Сахналық шеберлігімен,көркем шығармашылығымен, оқу мәнерімен көзге түскен 5-сынып оқушысы Молдахан Абзал жеңімпаз атанып,I орынға ие болды.Ал жүлделі II орынға Дамыс Мирас,Азарова Дарья,Баймухамбетова Сабина ,сол сияқты III орынға Ерғазы Жания,Бекболат Олжас,Жанакулова Сабира иеленді.

«Ақын да бала ғой айға ұмтылған» бағыты бойынша Калыкова Жансая II орынды жеңіп алды . Жүлдегерлерге арнайы дайындаған сыйлықтар мен мақтау қағаздары табыс етілді. Шара барысында Жаябаева Даяна өз өнерін көрсетіп,жұртты тамсандырды.

Баршамызға танымал М.Жұмабаев –ақындық талант аясы кең шығармашылық тұлға