8 Наурыз

Тақырыбы: Ана алақанының аясы, шынардың саясы:

Мақсаты: ата-ананың міндеттері мен құқықтарын оқушыларға дәріктей отырып баланың ата-анаға құрмет көрсетуін таныту; ана құдіретін, оның өмірдегі алатын орнын айта отырып аналарға алғыс айтуымыз керектігін оқушы бойына сіңіру; бүгінгі таңда еліміздегі ана еңбегі туралы мәлімет беру арқылы аналардың қоғамнан алатын ашып көрсету.

Көрнектілігі: нақыл сөздер, гүлдер салынған плакаттар, буклет, альбом.

Барысы

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар және оқушылар, бастауыш сыныптардағы «Ана алақанының аясы, ақ шынардың саясы» атты ашық сыныптан тыс сайыс жұмысымызды бастаймыз.

1-Жүргізуші: 8-наурыз – халықаралық әйелдер күні. Жер бетіндегі тіршіліктің өзегін келешекке жалғаған, өсер ұрпағына құндақтағы шағынан ізгіліктің дәмін еккен аналар мрекесі – бұл.

- Құрметтейік те котерейік те Ана - әйелді! Оның суюі таусыла ма? Адамда не қымбат болса, бәрі күннің көзі, алақанның ақ сүтінен жаралған. Күнсіз гүл өспейді. Сүюсіз бақыт жоқ. Әйелсіз сүю жоқ. Анасыз ақын да, батыр да болмайды.

2-Жүргізуші: Бүгінгі сайысымыз аналар мен қыздардың арасында өтеді. Барлығы сегіз ана қызымен қатысады. әр сайыс сайын әділ қазылар шешімі бойынша бір ана қызымен шығып отырады. Үйге берілген тапсырма ол бір ән, бір би дайындап келу керек. (Әділ қазылар алқасымен таныстырылады)

 

1-жүргізуші:Ендеше сайысымызды бастайық,

      Сайысымыз мына тапсырмалар бойынша жүреді.

1.Үйге берілген тапсырма(аналар туралы ән)  

2.Үйге берілген тапсырма(би жарысы)

3.»Қ» әрпінен басталатын тағамдардың аты.

4.Анасы мен қызы бір-біріне тілек айту.

5.Шар(үрлеулішарды жарып,ішіндегі тапсырманы орындау)

6.8-наурыз мерекесіне орай сурет салу.

7.Қиылған қима қағаздардан гүл құрастыру.

8.Анасы мен қызы үрленген шарды орталарына алып бір бет қағаздың үстіне билеу.

9.Қорытынды.

 2-жүргізуші:Арулар –аяулылар,ардақтылар,

                                 Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

                                 Арулар тіршілікке күретамыр,

                                 Өмірді бір-біріменжалғап тұрар.

(1-тапсырма бойынша аналар үйде дайындап келген әндерін айтады.Әділ қазының шешімі бойынша бір ана қызымен бірге сайыстан кетеді)

1-жүргізуші:Бірақ ұшқыр қиялылымен жасымнан

                              Бар әлемнің биін билеп келемін.

                              Тынбай соққан далалық бір жүрегін

                              Бетке алады тағдыры ортақ би елін.

(2-тапсырма бойынша үйге берілген тапсырма бойынша әр ана қызымен би билейді.Әділ қазылардың шешімі бойынша бір ана қызымен бірге сайыстан кетеді)

2-жүргізуші:Жас ару жас ғұмырдың талғамысың,

                              Қуантқан әрбір үйдің арманысың,

                              Дәл бүгін қанат қолдап сыналарды,

                              Сол сұрақтан сүрімбей самғап ұшқан.

1-оқушы:

Ана деген-адамзаттың данасы,

Ана деген-сәбилердің панасы

Ана деген-жарық жұлдыз щырағың

Ана деген-қайнар ыстық бұлағың

Ана деген-өмірдегі қамқорлық

Ана деген-сүйенерің,жан құрбың

2оқушы:

Ана ол-біздің елде ардақты адам,

Кішіні,улкенді де ардақтаған,

өзінің аяулысы отаның да

Ана деп біздің халық текке айтпаған

3-оқушы

Анам менің жасыл бағым жайнаған,

Біз бағымда асыр салып ойнаған,

Пәк жүрекпен жыр жазады перзентін

Бар бақытты бір озіңе сыйлаған

1-жүргізуші;

Асыл тастан өнер жастан

Шығады деп дарынды

Халық айтса,халық сөзі

әрқашан да нанымды

 (4-тапсырма,Қалаған аналар мен қыздыр шеңбер құрып тұрып,бір-біріне тілек айтады,Әділқазылардың шешімі бойынша бір ана қызымен сайыстан кетеді)

2-жүргізуші:

өнер қуып сайыскерлер өтер дейміз,

бір басыне өнері жетер дейміз

сайыстағы қалған жұрттар кезектесіп,

келесі тапсырмаға өтер дейміз

(5-тапсырма,урлеулі шарды жарып,ішіндегі тапсырмаларды орындау, Әділқазылардың шешімі бойынша бір ана қызымен сайыстан кетеді)

Оқушыларға кезек,тақпақтар

4-оқушы:

Аналарды ардақтайық мәнгәлік,

Сіздер ушін жыр жазамын,ән қылып

Барлық ана қамқор болған балаға

Құметтемей бола ма,

 

1-жүргізуші: Ал аналар, сайысқа қалайсыңдар,

                      Сендер өтер әліде талай сын бар.

                       Тапсырма ал қожыннан қысылмай кеп,

                      Сурет сала алсаңдар жарайсыңдар!

( 6-тапсырма бойынша аналар мен қыздар сурет салады. Әділ қазылардың шешімі бойынша бір ана қызымен  сайыстан кетеді.)

-Аналар сурет салып жатқан кезде оқушылар «Айналайын-ақ мамам» әнін орындайды.

2-жүргізуші: Ал келіңдер, келіңдер,

                        Бір-біріне өріңдер.

                        Білімдеріңді тексеріп,

                        Бір таласып көріңдер.

(7-тапсырма бойынша қиылған қима қағаздардан ақ қағаға гүл құрастырып тапсыру. Әділ қазылардың шешімі бойынша бір ана қызымен сайыстан кетеді)

1-жүргізуші: Ақ жүзіндеі ананың

                       Кундер келді жалғасты.

                       Аналарды байқайық

                       Қандай екен әл, күші.

( соңғы тапсырма бойынша қалған ана өз қызымен соңғы тапсырманы орындайды. Әділ қазылар  қортынды жасап жеңімпазды анықтап сыйлықтарын тарту етеді)

2-жүргізуні:  Міне, құрметті қонақтар, аяулы ұстаздар, аналар сіздерге  арнап дайындалған салтанатты сайыс кешіміз осымен аяқталды.

1-жүргізуші:  Сол бақытты шақтар мен баяндар тірліктердің дем беруші қазақстандық қыз-келіншектердің мейрамы қырдың гүлін  ашып, жырдың тілегін ағытсын. Мерекелеріңізбен құтықтаймыз!