1 Мамыр – бірлік күнін өткізу туралы ақпарат
Оқушыларды татулыққа, достыққа тәрбиелеу, Қазақстан елін құрметтеу, өз жерін қорғай білу, өз ұлтын, басқа да ұлттарды сыйлай білуге үйрету мақсатымен бірлік күніне арналған салтанатты жиын және мерекелік концерт ұйымдастырылды.
Салтанатты жиында «Жас Ұлан» және «Жас қыран» балалар мен жасөспірімдер ұйымының қатарына қабылдау рәсімі өтті.
Жиын Мемлекеттік туын енгізіп және Мемлекеттік гимнін орындалуымен басталды.
Ұйымға қабылданатын оқушылар ант беріп, өз елінің патриоттары болатындарына сөз берді. Көп жыл бойы еңбектері сінген мұғалімдер: Бекжанова Б.К. Мукенова Б.Ж. Бегембаева Р.К. оқушыларға төс белгілерді тағып, галстуктарды байлау рәсімін жүргізді.
Салтанатты жиыннан кейін 1 Мамырға арналған шара мерекелік концертпен жалғасты.
Концерт барысында балалар өздері дайындаған әр-түрлі ұллттардың әндерін шырқап билерін биледі. Концертті аудандық «Өз жұлдызыңды жақ» конкурсының 2 орын алған жеңімпаздары 8-9 сынып қыздары «Той бастар» биімен ашты, ал барлық қатысушылар соңында «Алтын бесік» әнін орындап концертті аяқтады.
Шара барысында ауылдық әкімі Жаркина О.В. сөз сөйлеп, ата-аналарды, мұғалімдерді, оқушыларды мерекемен құттықтады.
Ер есімі - ел есінде
Ұлы Отан соғысы басталғанда еліміздің көптеген азаматтары туған жерін, халқын жаудан қорғау үшін қанды майданға аттанған болатын. Осы жолда біздің жауынгерлер тер төгіп, өз жандарын құрбан етті. Жас ұрпақтар аталарының ерлігі туралы кітаптардан, кинолардан, теледидардан біледі.
Біздің жерлестеріміз де Ұлы Отан соғысына қатысып, жауды жеңуге өз үлестерін қосқан. Олардың ішінде Сарсенов Д., Нұғманов М., Сұлтанов М., Бегембаев Ж. және тағы да басқалар.
Бегембаев Жантүгел 1913 жылы Жайлау – Ағаш ауылында дүниеге келген. Алғашқылардың бірі болып, 1941 жылдың 22 шілдесінде майданға атталған. Қиыр Шығыстағы Биробиджан қаласына жетеді. Осында оқу – жаттығу курсын атқыштар полкінде аяқтап, 1942 жылы Сталинград шайқасына қатысады. Бұдан кейін әйгілі Днепр өзенін кесіп өту шайқасында болған. 1944 жылы Варшаваға жеткен кезде коммунист болып соғысқа енген. Жантүгел ата соғысты Польшаның Люблин қаласында ауыр жарақат алып аяқтаған.
Батыр аталарымыздың есімдері, ерліктері жас ұрпақ санасында мәңгілік сақталанады.
Біз – бақытты ұрпақпыз. Осы бақытымызды, шаттық күндерімізді бағалай, құрметтей білейік.
Березовка ЖОББМ нің
баспасөз орталығы.
Жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу шаралары бойынша ақпарат
Наурыз айында келесі іс-шаралар ұйымдастырылып, өткізілді:
1 . Балалардың денсаулықтарын нығайту және зиянды әдеттерден алшақ болу мақсатымен сабақтан тыс және көктемгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытының қамтылуы бойынша спорттық секциялар: волейбол, баскетбол, футбол ұйымдастырылды, сонымен қатар үйірмелер (ән және би, жолдың жас инспекторы, жас тілші, қол өнері) мен факультативті сабақтар және ҰБТ-ге дайындық жүргізілді.
2. Кешкі уақытта ауыл көшесінде және мектеп ішінде, асханада, спортзалда, сыныптарда мұғалімдер тарапынан кезекшілік жүргізіледі. Сонымен қатар құқықбұзушылықтың алдын алу кеңесі өтті: тәрбие жөніндегі директордың орынбасары ақпан айында өткен шаралар бойынша есеп берді.
Тәуекел тобында 4 оқушы олар: аз қамтылған отбасынан 3 оқушы және үлгерімі төмен себебімен 1 оқушы.
3. Құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатымен 5-11 сыныптарды «Чтобы не случилось беды», бастауыш сыныптарда «Мен тәртіпті оқушымын» атты сынып сағаттары өтті.
Зиянды әдеттердің алдын алу мақсатымен сынып жетекшілері «Салауатты өмір салты» тақырыбыа сынып сағатын өткізді және салауатты өмір салтын насихаттау бойынша наурыз мерекесіне арналған спорттық жарыстар өтті.
4. Тәртіп пен ұқыптылықты сақтауды үйрету мақсатымен мектеп аға тәлімгері мектеп белсенділермен әр сынып оқушыларының тазалықтарын, оқу құралдарын, оқулықтар мен дәптерлерін тексеріп ескертулер жасады.
8 наурыз-Халықаралық әйелдер күнін өткізу туралы ақпарат
Наурыздың 5-і күні Березовка мектебінде 8 наурыз мерекесіне арналып бастауыш сыныптарда «Анашым» атты ертеңгілік өтті. Ертеңгілік барысында оқушылар өздері аналары мен әжелеріне дайындаған тақпақтары мен әндерін орындап, өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын сыйлады. Шағын концерттен кейін мереке ата-аналары жасаған дастархан басында жалғасты.
Сонымен қатар 5-11 сыныптарға арналған «Аналарды аялайық» шағын концерт пен «Кәнекей қыздар-ай» атты кеш ұйымдастырылды. Оқушылардың қойған концертінен кейін 8-9 сынып қыздар арасында конкурстар өтті. Конкурсқа 4 қыз қатысты. Қыздкр келесі сынақтан сүрінбей өтті:
1.Таныстыру
2.Сәнді көйлек үлгісімен шаш үлгісін көрсету.
3. Би өнері
4. Сұрақ-жауап
Әділқазы алқасы қыздарды сынап келесі орындар берді: 1орын-8 сынып оқушысы Байтемирова М. 2орын- 9 сынып оқушысы Мукенова А. 3орын 11 сынып оқушысы Кукса Н және 9 сынып оқушысы Щербина Ю. Ие болды. Қыздар кішкентай сыйлықтармен марапатталды.
Аналарды құрметтеу, ақ сүтін ақтау, сыйлай білу мақсатымен
наурыздың 7-і күні барлық сыныптарда «Анашыма мың алғыс» тақырыбында сынып сағаттары өтті.
1 наурыз-алғыс айту күні бойынша ақпарат
5-6 сыныптарда «1 Наурыз- алғыс йту күні» тақырыбына сабақтан тыс тәрбие сағаты өтті.
Мақсаты: Оқушыларды татулыққа, бірлікке үйрету және алғыс айта білуге баулу.
Шара барысында балалар мұғалімдеріне алғыстарын білдіріп, жылы тілектерін айтты. Қазақстан еліне, президентке алғыстарын тақпақ айтып білдірді.
Шара соңында «Туған еліме мың алғыс», «Ұстазыма рақмет», «Ата-анама алғыс айтамын» тақырыптарынан таңдап эссе жазды. Эссе бойынша оқушылар арасында 1,2,3 орындар берілді.